"Ордабасы" ганалық футболшыны қатарға қосты

350

Transfermarkt.com порталы Рашид Абубакардың нарықтық құнын 100 000 еуро деп бағалайды. 

"Ордабасы" ганалық футболшыны қатарға қосты Фото: kazfootball.kz

Молдованың "Спартаний Спортул" клубы 24 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Рашид Абубакарды шымкенттік "Ордабасы" командасына сатты, деп хабарлайды Moldfootball.com.

Молдовалық маман Андрей Мартин жаттықтыратын "Ордабасы" бұл трансфер үшін 40 000 еуро төлеген.

Бұл қаражат "Спартаний Спортул" клубының футболшылар алдындағы қарыздарын жабуға жұмсалады деп жоспарлануда.

Рашид Абубакар 2024 жылдың қыркүйегінде "Спартаний" сапына қосылды. Сол уақыттан бері 8 матчқа қатысып, 2 гол соққан. Ол алаңда орталық жартылай қорғаушы позициясында ойнайды.

Танымал Transfermarkt.com порталы Рашид Абубакардың нарықтық құнын 100 000 еуро деп бағалайды. Дегенмен "Ордабасы" ганалық футболшыны екі есе арзан бағаға сатып алды. Бұл трансфер шымкенттік клубтың жаңа маусымға дайындық барысындағы маңызды қадамдарының бірі болды.

Айта кетейік, "Ордабасы" қазіргі таңда Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Онда команда бүгін Мәскеудің ЦСКА командасымен жолдастық кездесу өткізді.

Ойын 3:0 есебімен ресейлік клубтың айқын жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Обляков, Глебов және Койта бірінші таймда гол соқты.

Келесі жолдастық матчта шымкенттік команда 29 қаңтар күні өзбекстандық АГМК клубымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу