Атадан қалған асыл мұра

35800
Атадан қалған асыл мұра

Ақмола облысында орналасқан «Бурабай» ұлттық паркінде көшпенділер мәдениетіне арналған республикалық этно-фестиваль болып өтті.

Бурабай ұлттық паркіндегі елеулі орындардың бірі – Абылай хан алаңының дәл ортасына ақшаңқан үйлер тігіліп, сол бір замандардағы ата-бабаларымыздың көктем келіп, жер аяғы кеңінен сәттегі мәре-сәре көңіл-күйін жеткізген мереке болды.

Этнофестивальге Ақмола облысындағы 19 ауданның жұртшылығы жиналып, бабадан қалған асыл мұраны паш етті.

1-ші республикалық «Атадан қалған асыл мұра» фестиваліне мұрындық болған Ақмола олыстық мәдениет басқармасы екенін айта кетейік. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Думанға толы мерекеге жиналғандар ән салып, би биледі. Бой балқытар күй шертіліп, қазан асылып, балалар асық атып, асыр салды.

Этнофестивальге келген ерекше қонақ та көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Олар ресейлік НТВ арнасының «Поедем, поедем» хабарының жүргізушісі Джон Уорренді қаумалап, суретке түсіп қалуға асықты.

Ал осы сәтте телеарнаның жұмыс тобы көшпенділердің салт-дәстүрін таспаға түсіруге кірісіп кеткен болатын.

Джон Уоррен болса, алтынбақан теуіп, тіпті қазақы дәстүрмен сәбидің тұсауын кесті. Оның иығына шапан жабылып, көңілі шалқыған Уоррен тіпті қыз-жігіттерге ілесіп «Қара жорға» билеп кетті.

Түсірілімнен кейін Джон Уоррен өзінің Қазақстан туралы әсерлерімен бөлісті. Ол елімізде туризмді дамыту үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

Күлпаш Қоңырова

Астана-Бурабай-Астана

фото автордікі

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу