Иран президенті Хасан Руханиді ұлықтау рәсім қалай өтті

51320

Екінші мерзімге қайта сайланған Иран президенті Хасан Руханиді ұлықтау салтанаты осы аптадағы әлемдік БАҚ жаңалықтарының ондығына кірді десе болады.

Салтанатты шараға 100-ден аса елдің өкілдері жиналды. Бұл шараға шетелдік жоғары қызмет басшыларымен ере келген журналистердің кіруіне арнайы тапсырыс берілді. Салтанатты шараға Қазақстан атынан сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов қатысты.

Ұлықтау рәсімі өтетін күні Иран астанасы Теһранда демалыс жарияланып, Иран астанасының көптеген тұрғыны Каспий теңізінің жағасына демалуға кетті. Осылайша иран үкіметіне салтанатты шараны ұйымдастыру жұмысы жеңілдеді. Сегіз миллионнан астам тұрғыны бар Иран астанасындағы күні-түні сартылдап жатқан қарбалас тіршіліктің сап басылып қалды. Есесіне ирандық полицийлер сыптай болып киініп тұрды.

Көптеген шетелдік қонақ жиналған ирандық парламент аумағын көктен полиция тікұшағы бақылап жүрді. Қалада мерекелік көңіл-күй орнады. Барлық жерге Иранның мемлекеттік туы және келген мемлекеттердің туы ілінді. Ал қаланың тазалығы алыстан менмұндалап көз тартып тұрды. 

Ал қайта сайланған президент Рухани мен оның командасына келетін болсақ, олардың жұмыстан бас алуға шамасы келмеді. Олар жоғары қызметтегі шетелдік қонақтарды қарсы алып, олармен екіжақты және өңірлік ынтымақтастыққа қатысты маңызды мәселелерді де талқылап үлгеріп жатты. Мұндай мүмкіндіктен кім бас тартсын?  «Саясаттағы уақыт кейде ақшадан да қымбат» деген сөз тегін айтылмаған ғой. 

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу