ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 12-кездесуі өтті

34961

Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымында төрағалық етуі аясында 2017 жылдың 6 сәуірінде Астанада ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 12-кездесуі өтті. Отырыс барысында алдағы уақытта Ұйымның кеңейтілуіне байланысты мүше-мемлекеттердің өзара қарым-қатынас механизмдерін жетілдіру, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы жағдай туралы пікір алмасу өтті. Кездесуге қатысушылар қазіргі заманның қауіп-қатерлері мен сын-тегеуріндеріне қарсы тұруда ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің құзырлы органдары ланкестік, сепаратизм мен экстремизм, трансұлттық және ұйымдасқан қылмыс, заңсыз көшіп-қону, қару мен есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бір-бірімен тығыз байланысын дамыту туралы келісімге келді. Отырыс барысында аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға бағытталған ШЫҰ қызметіне бақылаушы мемлекеттер мен серіктестерді тарту мәселесінің өзектілігі баса айтылды. Кездесуге қатысушылар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жұмыс істеп жатқан Қазақстанның еңбегін ерекше атап өтті және Қазақстан тарапы жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қостынына сенімін білдірді.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу